ПОДЕЛИТЬСЯ
24 ақпан 2022 | 08:56
Тараз интернатындағы кейуананың өлімі: Желідегі жантүршігерлік кадрлар туыстарын алаңдатты
Таразда жергілікті қарттар үйінде қайтыс болған зейнеткер Раиса Кузнецованың туыстары оның денесін эксгумациялауды талап етіп отыр. Бұл туралы КТК телеарнасының сюжетінде айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Таразда жергілікті қарттар үйінде қайтыс болған зейнеткер Раиса Кузнецованың туыстары оның денесін эксгумациялауды талап етіп отыр. Бұл туралы КТК телеарнасының сюжетінде айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Марқұмның туыстары 88 жастағы кейуана неге қайтыс болғанын анықтағысы келеді. Бұған Желіде жарияланған кадрлар себеп болған. Онда зейнеткердің бүкіл денесінде көгерген, ісіген, жараланған жерлер болғаны көрсетіледі.
"Міне, қатты ауыртты, соққы тиді. Міне. Қараңыз, мұнда да. Бәрі ауырады", - деп Кузнецова видеода жараларын көрсетеді.
Зейнеткер бірнеше жыл интернатта тұрған. Пандемияға байланысты оған баруға тыйым салынып, бір айға жуық уақыт бұрын кейуана қайтыс болған. Ол қайтыс болғанға дейін мұндай жарақат алғанын туыстарының ешқайсы білмеген.
"Біз мәйітті эксгумациялауға дайынбыз, сараптамаға дайынбыз. Өйткені қазір өзіміз де әжеміз неден қайтыс болғанын білмейміз. Нақты ештеңе айта алмаймын, иә. Бірақ бұл видеоны көргенде, тіпті таныс болмаса да, қарау мүмкін емес", - дейді марқұмның туысы Регина Әбдіразақова.
Марқұмның туыстарының айтуынша, зейнеткердің өзі интернатта тұрғысы келген. Оған тіпті сол жерде тұру ұнаған. Бірақ қазір кейуананың туыстары оны қарттар үйінде ұрып-соғып, жасырды деген болжам айтып отыр.
Интернат басшысы әйел оқиғадан төрт ай өткен соң қайтыс болғанын айтқан. Оның айтуынша, кәріліктен.
Алайда туыстары енді ешкімге сенбей, полиция мен прокуратураға жүгінген. Сондай-ақ, олар елдегі барлық осыған ұқсас мектеп-интернатта арнайы тексерулер жүргізілгенін қалайды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также