Тараз және Қарағандыдағы "Гарант-24" директорлары ұсталды

Иллюстрациялық сурет: Tengrinews.kz

Тараз және Қарағанды қалаларындағы "Гарант-24" филиалдарының директорлары ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Тараз және Қарағанды қалаларындағы "Гарант-24" филиалдарының директорлары ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция ақпараты бойынша, кеше "Гарант-24 Ломбард" ЖШС салымшылары Жамбыл облысы полиция департаментіне алданып қалғандарын айтып, шағымданған.

"Алаяқтық" және "қаржы пирамидаларын құру" баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Реклама
Реклама

"Қазіргі уақытта Тараздағы "Гарант-24 Ломбард" ЖШС филиалының директоры қолға түсті. Іс бойынша қалған мәліметтер жария етілмейді", - делінген ақпаратта.

ПД баспасөз қызметіндегілер жәбірленушілердің жалпы саны мен келтірілген залал сомасы анықталып жатқанын атап өтті.

Сондай-ақ Қарағанды қаласындағы "Гарант-24" филиалының директоры болды. Қарағанды полициясына 36 азамат өтініш жазған. "Осы дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды (аса ірі көлемдегі алаяқтық). Қазіргі уақытта тергеу органдары аталған кәсіпорынның 38 жастағы аймақтық директорын ұстады", – деп хабарлады Қарағанды полиция департаменті өкілі.

"Үйімді де сатып жіберген". Үш қалада қаржы пирамидасына алданғандар шу шығарды

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама