17 маусым 2021 10:53

Тараз кафесіндегі әйелдер төбелесі видеоға түсіп қалды

Тараздағы кафелердің бірінде әйелдер төбелесті, оқиға видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тараздағы кафелердің бірінде әйелдер төбелесті, оқиға видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Тараз кафесінің жазғы алаңында белгісіз екі әйел облыс орталығының екі тұрғынын жаралады, содан кейін оқиға орнынан белгісіз бағытта қашып кетті", - деп хабарлады Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.

Реклама
Реклама

Аталған дерек бойынша қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-тармағы 1-бөлігі "Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған бұзақылық" бойынша соталды тергеу басталды.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін 33 жастағы екі әйел ұсталды. Іс бойынша бірқатар сот сараптамасы тағайындалды. Сондай-ақ, ӘҚБтК-нің 425-бабы "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу" бойынша кафе иесін әкімшілік жауапқа тарту үшін СЭС-ке жолданатын материал бөлінді", - деді полицейлер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram