ПОДЕЛИТЬСЯ
05 тамыз 2022 | 16:37
Тараз қаласының әкімі қызметінен кетті
Тараз қаласының әкімі Ержан Жылқыбаев қызметінен кетті. Бұл туралы ол Instagram-парақшасында бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Тараз қаласының әкімі Ержан Жылқыбаев қызметінен кетті. Бұл туралы ол Instagram-парақшасында бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Құрметті тараздықтар, қадірлі жерлестер! Міндеттің басталатыны сияқты, аяқталатын да кезеңі болады. Ол - заңдылық. Сондықтан мен өзімнің Жамбыл жеріндегі қызметімді тоқтатып, тағы бір өмір белесінен өттім", - деп жазды Ержан Жылқыбаев.
Ол 1 жылдан аса облыс әкімінің орынбасары ретінде 9 басқармаға жетекшілік еткенін, ал былтыр наурыздан бастап Тараз қаласының әкімі болып тағайындалғанын айтты.
"400 мыңнан аса тұрғыны бар облыс орталығына басшы болу - халықтың әл-ауқатын жақсарту, сан-салаға серпін беру, қаланы көркейту, халық сенімінен шығу сияқты міндеттерді жүктеді. (...) Баршаңызға алғыс білдіремін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, жақсы күндерде көрісейік, ағайын", - делінген жазбада.
Еске салайық, 2021 жылы наурызда Ержан Жылқыбаев Тараз қаласының әкімі болып тағайындалған еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также