Тараз тұрғындары жер сілкінісін сезді

Тараз тұрғындары жер сілкінісін сезді Фото:depositphotos.com

Қазақстандық сейсмологтар жер сілкінісін тіркеді, Таразда жерасты дүмпулерінің есептік қарқындылығы 2 балл болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл туралы сенбі, 4 шілдеде Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

"ТЖМ "Сейсмологиялық зерттеулер мен ақпарат ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі 4 шілдеде Астана уақытымен сағат 04:40-та жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісі былай сезілген: Тараз — 2 балл", — делінген хабарламада.

Жарнама
Жарнама

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан батысқа қарай 413 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқаны нақтыланды.

ТЖМ мәліметінше, зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы мәлімет түспеген.

ТЖМ жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадамды еске салды:

1. Сабыр сақтаңыз, үрейге бой алдырмаңыз.

2. Дүмпу кезінде лифт пен баспалдақты пайдаланбаңыз.

3. Жиһаздан, терезеден, аспашамнан алыс тұрыңыз.

4. Сенімді, берік таса табыңыз. Егер жоғарғы қабаттарда болсаңыз, негізгі күрделі қабырғалардың бұрышына тұрыңыз.

5. Ғимараттан шығыңыз (көпқабатты үйлерде — дүмпу басылғаннан кейін).

6. Суды, газды, электр жарығын өшіріңіз.

7. Алдын ала дайындалған "дабыл чемоданын" алыңыз.

8. Электр желілерінен, ғимараттардан, ағаштардан алыс болыңыз.

9. Қайта дүмпулерге дайын болыңыз.

10. Қарттарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмектесіңіз.

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама