ПОДЕЛИТЬСЯ
28 қаңтар 2022 | 09:43
Таразда ақыл-есінен адасқан екі ер адамның туыстары табылмай жатыр
Таразда ақыл-есінен адасқан екі азаматтың туыстары табылмай жатыр. Олар бір жарым ай бұрын өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған орталыққа жеткізілген. Екеуінің жеке басын растайтын бірде-бір құжаты жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Орталық қызметкерлерінің айтуынша, ақыл-есінен адасқандардың бірі Сергейдің жасы шамамен 50-де. Ол жақында инсульт алып, мүгедектер арбасына таңылған. Ол өзінің Меркіден келгенін, осыған дейін мал баққанын айтады.
Өзінің аты-жөні мен жасын және тұрғылықты жерін ғана білетін Бақытжан Қожаниязов 40 күн бұрын орталыққа жеткізілген. 26 жастағы азамат 15 жыл бұрын Алматыға әжесімен Өзбекстаннан көшіп келдім дейді. Небәрі 9 сыныпты аяқтаған ол әртүрлі жалдамалы жұмыс та істеген көрінеді. Жасқаншақ жігіт ойын толық жеткізе алмайды. Әке-шеше, бауырлары бар-жоғынан да бейхабар.
"Бақытжан ата-анасы бар-жоғын есіне түсіре алмады. Ал Сергей балалары бар екенін айтады. Психологтар, дәрігерлер олармен күнде жұмыс істейді. Қолдарында құжаттары болмағандықтан, олардың кім екені белгісіз. Туыстары табылса, алып кетсе, болмаса ары қарай құжаттарын дайындаса жақсы болатын еді", - дейді психолог Ботагөз Қалқабаева.
Орталық мамандары екі азаматтың тағдырына бейжай қарамауға шақырады. Сондықтан оларды таныған жан болса хабар беруді сұрап отыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также