30 наурыз 2021 | 10:40

Таразда әскерден қашып кеткен сарбаз табылды

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Казанғапов

Түнгі кезекшілік кезінде Тараз әскери бөлімінен қашып кеткен мерзімді қызметтегі сарбаз табылды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі өкілдері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Түнгі кезекшілік кезінде Тараз әскери бөлімінен қашып кеткен мерзімді қызметтегі сарбаз табылды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі өкілдері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қорғаныс министрлігі сарбаздың ұсталуы туралы толық ақпаратты кейін беруге уәде етті.

Еске салайық, 19 жастағы сарбаз түнгі кезекшілік кезінде бес күн бұрын бөлімнен қашып кеткен. Әскерилердің айтуынша, Нұрасыл Арысбаев түнгі сағат үш шамасында әскери бөлімнен ешкімге ескертпестен өз еркімен кетіп қалған. Жанындағы серігі де байқамаған. Сарбаз әлі 6 ай әскери борышын өтеуі керек. Нұрасылдың кетіп қалғанына әскерилер таңғалып отыр. Себебі басқалармен қарым-қатынасы жақсы, сабырлы жігіт, дейді. Жауаптылар оның қолында қару жоқ екенін мәлімдеді. Ал сарбаздың туыстары оның қашып кеткеніне сенбейді.

Реклама
Реклама

"Соңғы мәрте 20-сында қоңырау шалды маған, "бәрі жақсы, мама, уайымдамаңыз" деп. "Ешкім ренжітіп жатқан жоқ па?" деп сұрадым. "Жоқ, бәрі жақсы, уайымдамаңыз, балалар да жақсы, командирлер де жақсы" деді", - дейді сарбаздың анасы Гүлжан Арысбаева.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная