20 мамыр 2021 11:14

Таразда BMW жүргізушісі дрифт жасаған

Таразда BMW жүргізушісі мемлекеттік нөмірсіз дрифт жасады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Таразда BMW жүргізушісі мемлекеттік нөмірсіз дрифт жасады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері Instagram әлеуметтік желісінде жарияланған видеоны тексерді. Онда мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ BMW маркалы көлігі Таразға кіреберістегі Тәуке хан көшесінде дрифт жасағаны көрсетілген.

Полицейлер тәртіп бұзған 23 жастағы ер адамды ұстады. Облыс орталығының тұрғыны Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің төрт бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сонымен қатар, сараптама қорытындысына сәйкес, жол жабынын бүлдіргені үшін жүргізушіге 65 мың теңге төлеуге тура келеді.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram