26 ақпан 2020 | 09:05

Таразда дәріс сағаттарын саудалаған мектеп басшылығына қатысты дау шықты

Видеодан алынған кадр

Таразда лауазымын асыра пайдаланады деген директорға қатысты дау үдеп барады. Ашулы ата-аналар кеше екі кештің арасында мектепке жиылып, тағы да наразылық білдірді. Олар оқу ордасында ойран салған басшылық құрамның барлығын қызметтен босатуды талап етіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Таразда лауазымын асыра пайдаланады деген директорға қатысты дау үдеп барады. Ашулы ата-аналар кеше екі кештің арасында мектепке жиылып, тағы да наразылық білдірді. Олар оқу ордасында ойран салған басшылық құрамның барлығын қызметтен босатуды талап етіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. 

Телеарнаның мәліметінше, Тараздағы №43 мектептегі шу әлі басылар емес.  Ұстаздардың айтуынша, "дәріс сағаттарын саудалаған" басшылық құрамның былығы шыдамның шегіне жеткен. Мәселен, бейресми баға бойынша 24 сағат алғысы келген маман 30 мың, 27 сағаттық дәріске 50 мың тенге төлеуі керек. Декреттік демалыстан оралу – 100 мың теңге.

Реклама
Реклама

Арнайы кеңестің шешімі бойынша, 30 жылға жуық жұмыс өтілі бар, директор босатқан маман жұмысқа қайта қабылданбақ. Ал  мектеп басшысына қатысты тексеріс әлі де жалғасатын болды.

"Қазіргі уақытта өзектілігі ескеріліп, жедел түрде тексеру шешімі шығады деген жоспарымыз бар. Білім мекемелерінде қаражат жинауға  қатаң тыйым салынатыны жөнінде. Қандай да бір себепке байланысты қаражат жиналған болса, заңнама талаптарына сәйкес, сол кемшілікке жол берген тұлға тиісті жауаптылықта болады", – дейді Қалалық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Уалихан Байдуанов.

Талаптары орындалмаса, барлық мектеп ата-аналары министрлікке арыз жазбақшы екен.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная