Таразда егіздер дауыс берді: Әрбір отандасымыз сайлауға келіп, өз таңдауын жасағаны абзал

Мемлекет Президентін сайлау – халықтың ертеңіне, болашағына деген сенімін арттыру. Таразда егіздер алғаш рет дауыс берді. Олар да сайлауға алғашқылардың бірі боп келді.

Мемлекет Президентін сайлау – халықтың ертеңіне, болашағына деген сенімін арттыру. Таразда егіздер алғаш рет дауыс берді. Олар да сайлауға алғашқылардың бірі боп келді.

Ринат Рано, Ринат Милана

"Бүгінде елімізде барлығы 6 485 507 замандасым ғұмыр кешуде деген ақпаратты жуырда естідім. Олардың 4 500-ге жуығы егіздер екенін білгенімде тіпті қуанышым қойныма сыймады. Себебі менің де егіз сыңарым бар. Мұны Алланың ата-анаға берген сыйы деп білемін. Әрине, бұл жерде медицина мамандарыныңда еңбегі ерен. Денсаулық саласының дамуына мол мүмкіндік жасаған мемлекеттің қамқорлығын да жоққа шығаруға болмайды", - дейді Тлепбаев Ербол.

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, кандидаттардың ешқайсысы да осал емес. Барлығы да тәжірибесі толысқан, мемлекеттік қызметте ысылған азаматтар.

"Сондықтан құқығы бар әрбір отандасымыз сайлауға келіп, өз таңдауын жасағандары абзал. Бұл еліміздің ертеңі үшін маңызды.

Біз еліміздің бай-қуатты болғанын қалаймыз. Сондықтан еліміз үшін алдағы сайлаудың маңызы зор. Біз өз Отанымыздың келешегі кемел болуы үшін дауыс бердік. Өз таңдауымызды жасау үшін сайлауға алғашқылардың бірі болып бардық. Замандастарымды да саяси науқаннан қалыс қалмауға шақырамын", - дейді Тлепбаев Ербол.

Тлепбаев Ербол, Тлепбаев Нұрбол

Tengrinews
Материал Жамбыл облысының әкімдігімен ұсынылған
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама