ПОДЕЛИТЬСЯ
14 шілде 2021 | 14:06
Таразда ерлікпен қаза тапқан Ұлттық қауіпсіздік қызметкерлеріне арналған ескерткіш ашылды
Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің кәсіби мерекелеріне орай Таразда бейбіт тұрғындарды құтқару жолында өз өмірлерін құрбан еткен ҰҚКД қызметкерлері Мұхтар Халиев пен Сергей Касьяненкоға арналған ескерткіш-монумент ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің кәсіби мерекелеріне орай Таразда бейбіт тұрғындарды құтқару жолында өз өмірлерін құрбан еткен ҰҚКД қызметкерлері Мұхтар Халиев пен Сергей Касьяненкоға арналған ескерткіш-монумент ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Еске сала кетейік, 2011 жылы Тараздағы террорлық шабуыл кезінде қаза тапқандардың арасында ҰҚКД қызметкерлері Мұхтар Халиев пен Сергей Касьяненко да бар болатын. Олар діни экстремистермен байланысы бар деген күдікке ілінген қылмыскерге сыртқы бақылау жүргізді. Террорист ізінен түскен жедел-іздестіру басқармасы қызметкерлеріне шабуыл жасап, ажал құштырған еді.
Батырлардың есімдері енді ҰҚКД ғимаратының жанындағы скверде орналасқан ескерткіш-монументте мәңгі сақталмақ.
Салтанатты шараға Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров, ҰҚКД бастығы Марат Ирменов, полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов және қаза тапқан қызметкерлердің жақын туыстары қатысты.
Аймақ басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылған күні ашылып отырған батырларға арналған ескерткіш-монументтің айрықша маңыздылығын атап өтті.
"Туған жердегі бейбітшілікті, тұрақтылықты сақтау үшін өз өмірін қия білген ҰҚКД қызметкерлері – елі мен халқына шынайы берілген, шексіз адалдықтың үлгісі болып қала бермек. Өскелең жас ұрпақ осындай азаматтардан үлгі алуы тиіс Осы скверді абаттандырғаны үшін ҰҚКД басшылығы мен қызметкерлеріне алғысымды білдіремін", - деді Бердібек Сапарбаев.
Шара барысында қаза тапқан қызметкер Мұхтар Халиевтің әкесі Ермекбай Халиев те сөз алды.
"Аспанымыз әрқашан ашық, еліміз бейбітшілікте өмір сүрсін!" – деп тілегін жеткізді ол.
Бұдан соң әрі қонақтар ҰҚКД ғимаратында өткен ұлттық қауіпсіздік органдары күніне арналған салтанатты шараға қатысты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также