Таразда жекеменшік балабақша басшысы ірі көлемде қаражат жымқырғаны үшін сотталды

Фото:depositphotos.com

Жамбыл облысында жекеменшік балабақша басшысы ірі көлемде қаражат жымқырғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Жамбыл облысында жекеменшік балабақша басшысы ірі көлемде қаражат жымқырғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Тараз прокуратурасы "РозАль" орталығы" жеке балабақшасы басшылығымен мектепке дейінгі ұйымдарды жан басына шаққандағы қаржыландыру аясында бөлінген 12 миллион теңгеге жуық бюджет қаражатын жымқыру дерегін анықтаған.

"Балабақша басшысы іс жүзінде тәрбиеленбеген балалар үшін бюджет қаражаттарын алған.

Алаяқтық дерегі бойынша қала прокуратурасымен қылмыстық іс тіркеліп, оны тергелуі Жамбыл облысының Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне тапсырылды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Тараз №2 сотының 14 маусымдағы үкімі бойынша, балабақша басшысы тәрбие/оқыту қызметін көрсететін кез келген меншік нысанындағы ұйымдар мен мекемелерде қаржымен байланысты материалдық жауапты лауазымдарды атқару құқығынан 3 жылға айыра отырып, 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталған.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама