Таразда жүргізушінің полициядан қашқаны видеоға түсіп қалды

видео кадры

Таразда жүргізуші куәлігі жоқ ер адам полициядан қашпақ болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Таразда жүргізуші куәлігі жоқ ер адам полициядан қашпақ болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Патрульдік полиция қызметкерлері LED шамдарын заңсыз орнатқан Volkswagen Passat көлігін тоқтатқан. Алайда жүргізуші заңды талапқа бағынбай, қашып кетуге тырысқан.

"Ол қауіпті маневрлер жасап, жол апатына себепші бола жаздады. Бірнеше патрульдік экипаж көмегімен көлік тоқтатылғаннан кейін жүргізуші жаяу қашып, аулаларға жасырынуға тырысты, алайда тәртіп сақшылары оны жылдам қолға түсірді", - деп жазылған хабарламада.

Реклама
Реклама

21 жастағы ер адам ағасына тиесілі көлікті жүргізуші куәлігінсіз тізгіндегені анықталды. Көлік айып тұрағына қойылды.

Жүргізушіге 9 әкімшілік хаттама толтырылып, 216 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Полицейлерге бағынбау дерегі бойынша іс сотқа жіберілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама