05 желтоқсан 2021 | 16:26

Таразда мүгедектігі бар адамдарға арналған "инватакси" көліктерінің саны артты

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Мамыр бағындағы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған "Асар" оңалту орталығында болып, "Шапағат" корпортивті қорына мүмкіндігі шектеулі азаматтарды тасуға арналған "инватакси" автокөліктерін табыстау рәсіміне қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Мамыр бағындағы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған "Асар" оңалту орталығында болып, "Шапағат" корпортивті қорына мүмкіндігі шектеулі азаматтарды тасуға арналған "инватакси" автокөліктерін табыстау рәсіміне қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тараз қаласында "Инватакси" қызметі 2016 жылдан бастап қызмет көрсетіп келеді. Бұған дейін мүмкіндігі шектеулі азаматтарды 6 көлік тасымалдаса, енді олардың қатары тағы 2 көлікпен толықты. Инватакси жолаушыларды баратын жеріне дейін тегін тасымалдайтын болады.

Облыс әкімі алдағы уақытта да ерекше қажеттіліктері бар азаматтарды әлеуметтік қолдау шаралары жалғасатынын айтты.

Реклама
Реклама

"Әрбір мемлекеттің, әрбір азаматтың ең негізгі мақсаттарының бірі – аз қамтылған, көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмектесіп, оларды қолдау. Біздің мемлекетеміз 30 жылдың ішінде қимылдау қабілеті шектеулі азаматтарға қолдау білдіріп келеді. Еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев егемендік алған күннен бастап ең бірінші осындай жандарға көмектесіп, қолдау керектігін айтқан болатын. Барлығы толығымен орындалды деп айта алмаймыз, дегенмен мәселелер ретімен шешіліп келеді. Осындағы иппотерапия орталығын келер жылы бітіріп, ел игілігіне береміз.  Әсіресе балалар мен жастардың аяққа тұрып, қадамдарын нық басуына себепші болсақ деген мақсатымыз. Қазір бұл орталыққа 45-ке жуық бала келіп, ем алып жүр екен. Ғимарат толық ашылған соң, балалар қатары көбейеді.

Жаңа көліктеріңіз құтты болсын! Балалардың дені сау болып, мықты азамат болып өсулеріне тілектеспіз. Алда Тәуелсіздік мерекесі. Тәуелсіздіктің арқасында осындай игіліктерге қол жеткізудеміз. Біздің көмегімізге мұқтаж, мүмкіндігі шектеулі жандарға барынша қамқорлық танытуымыз қажет", - деген аймақ басшысы орталыққа мүмкіндігі шектеулі жандарды таситын автокөліктің кілтін тапсырды.

Ерекше қажеттілігі бар жандарды тасымалдауға арналған "JAC Sunray" маркалы көлігінің ішінде арбаларға арналған 300 келіге дейін салмаққа есептелген арнайы көтергіш орнатылған. 6 жолаушы орны және екі арбаға арналған орын бар.

Салтанатты шарада "АСАР" заңды тұлғалар бірлестігінің басшысы Руслан Төлегенов сөз алып, алғысын білдірді.

"Әлеуметтік салада мемлекеттік қолдаудың жыл сайын артып келе жатқаны белгілі. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында тағы бір игілікке кеңеліп отырғанымыз соның айғағы. Біздің барлық бастамаларымыз облыс әкімі тарапынан қолдау табуда. Бұл үшін ризашылығымызды білдіреміз", - деді Төлегенов.

Сонымен бірге, орталықта қызмет алушылардың ата-аналары да қуаныштарын жасырмады.

"Бұл біз үшін өте қуанышты жағдай. Өзіміз секілді ерекше балалары бар ата-аналарға үлкен көмек. Осындай мүмкіндік беріп, жағдай жасаған облыс басшылығына ата-аналардың атынан үлкен рахметімді айтамын", - деді Ләйлә Рахманбекқызы.

Мұнан соң облыс әкімі оңалту орталығына қарасты ғимарат пен спорт алаңын, тірек-қимыл аппараты және сал ауруына шалдыққан адамдарды атқа мінгізіп емдеуге арналған нысанның құрылысын аралап, атқарылып жатқан жұмыстар барысымен танысты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная