Таразда пәтер кезегінде тұрған отбасылар баспаналы болды

Тараз қаласында Рәміздер күніне орай тұрғын үй кезегінде тұрған отбасылар баспаналы болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тараз қаласында Рәміздер күніне орай тұрғын үй кезегінде тұрған отбасылар баспаналы болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев отбасыларға пәтер кілтін табыстады.

"Пәтер алушылардың ішінде жетімдер, әлеуметтік аз қамтылғандар мен жалғызбасты аналар бар", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Салтанатты іс-шарада сөз сөйлеген облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Қазақстан Президенті халықтың ең өзекті саналатын мәселесі - баспанамен қамтуға көп көңіл бөлініп отырғанын атап өтті. Сондай-ақ, шараға облыстық мәслихат хатшысы Бағлан Қарашолақов, қалалық мәслихат хатшысы Батырбек Күлекеев қатысты. 

Айта кетейік, жыл басынан бері қалада 320 арендалық үй берілсе, бүгінгі күні оның қатары 90 пәтермен артқан. Жыл соңына дейін қалада тағы 54 көпқабатты пәтер қолданысқа беріледі.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама