30 шілде 2024 | 10:00

Таразда шенеуніктер жылжымайтын мүлікке қатысты алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

Фото:depositphotos.com

ҚМА Жамбыл облысының прокуратурасымен бірлесіп, Тараз әкімдігінің қаржы бөлімінің лауазымды тұлғаларына қатысты бірқатар заңбұзушылықтар бойынша соталды тергеп-тексеруді бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ҚМА Жамбыл облысының прокуратурасымен бірлесіп, Тараз әкімдігінің қаржы бөлімінің лауазымды тұлғаларына қатысты бірқатар заңбұзушылықтар бойынша соталды тергеп-тексеруді бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қала әкімшілігінің қызметкерлері мемлекет кірісіне түскен тауарлық-материалдық құндылықтардың есепке алынбауын пайдалана отырып, ресми құжаттарды қолдан жасау жолымен соттардың үкімдері бойынша тәркіленген коммерциялық жылжымайтын мүлік пен халық тұтынатын тауарларды мекеменің балансынан заңсыз шығарып алған.

"Аталған азаматтардың заңсыз әрекеттерінен келтірілген залал сомасы 100 миллион теңгеден асады. Қазіргі уақытта тергеу-жедел іс-шаралар, тиісті сараптамалар жүргізіліп жатыр, олардың нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімдері қабылданады", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жарияланбайды.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная