ПОДЕЛИТЬСЯ
24 желтоқсан 2018 | 14:35
Таразда "Тараз Hub" орталығы ашылды
Бүгін Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзаметов және "Taraz Іnvest" орталығы басшысы Дамир Егізбаевтың қатысуымен "Тараз HUB" IT-орталығының" ашылу салтанаты өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бүгін Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзаметов және "Taraz Іnvest" орталығы басшысы Дамир Егізбаевтың қатысуымен "Тараз HUB" IT-орталығының" ашылу салтанаты өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл "Тараз" ӘКБ АҚ мен "Benediximus" компаниясының бірлескен жобасы. Бұл жобаның бағасы 250 миллион теңге. Орталықта IT-технологиялар бойынша мамандардың жаңа буыны мен стартап-жобалар дайындалатын болады. Келесі жылы осында 3D-модельдеу мен робототехника бағдарламалары бойынша 700-ден астам информатика пәнінің мұғалімдері оқудан өтеді. Хаб жасыл технологиялар мен энергияның альтернативті көздеріне арналған жабдықтарды құрудың жаңа жолдарын дамыту орны болуы тиіс.
"Тараз hub" IT-орталығына стартап компания ашуға ниетті кез келген адам келіп, көмек сұрай алады. Мұнда 20 стартап компанияға арналған орын бар. Қазірдің өзінде 8 компания тіркеліп, өз жұмысын бастап та кеткен. Мәселен, жақында ғана "Novacom Technology" ЖШС ҚР Президентінің "Алтын сапа" сыйлығы байқауының "Халық тұтынатын тауарларды шығаратын үздік кәсіпорын" номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Құрылғанына көп бола қоймаған компанияның "Taraz Іnvest" орталығымен бірлесе орындаған жобалары жетерлік.
Сондай-ақ, "EnactusDulati" командасы да тың идеяларын ортаға салып, жарамды жобалары жақында қаржыландырылуы мүмкін. Айталық, жас кәсіпкерлердің көмірді алмастыратын және одан сегіз есе арзанға түсетін отындары өңір басшысының қызығушылығын тудырып отыр. Ал, "Intellect soft" және "Logitech" серіктестіктері жаңа бағдарламалық қамтамасыз ету мен софттарды әзірлеуде. Орталықта бұдан да өзге қызмет түрлерін ұсынады. Яғни, мұнда барлық жастағы адамдарды IT саласындағы жаңа технологияларға, шағын және орта бизнеске қолдау көрсетуге үйрететін болады. Оқытушылардың біліктілігін арттыру, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жұмыстары жүргізіледі Коворкинг аймағында заң және бухгалтерлік салалары бойынша жұмыс орындары ұсынылмақшы
Показать комментарии
Читайте также