ПОДЕЛИТЬСЯ
11 қазан 2019 | 13:26
Таразда "Теміржол-Антитеррор - 2019" оқу-жаттығуы өтті
2019 жылғы 11 қазанда Тараз қаласында республикалық жедел-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
2019 жылғы 11 қазанда Тараз қаласында республикалық жедел-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.
Мемлекеттік органдардың теміржол инфрақұрылымы объектілерінде терроризм актілерінің жолын кесу бойынша өзара іс-қимыл дағдылары пысықталды.
Оқу-жаттығу ой-ниеті шеңберінде теміржол инфрақұрылымы объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуы мен ақпараттық жүйелері киберқорғанының жай-күйі тексерілді. Арнайы мақсаттағы бөлімшелер поездың вагонында кепілдегілерді босату және террористерді бейтараптандыру бойынша операция жүргізді.
Оқу-жаттығу мақсаты мен міндеттері толық орындалды.
Қатыстырылған мемлекеттік органдардың күштері мен құралдары террористік қауіп-қатерлердің жолын кесу бойынша өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін көрсетті.
Показать комментарии
Читайте также