Таразда төбелес кезінде оқушы қаза тапты

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: t.me/kriminal_kazakhstan

Әлеуметтік желілерде 1 қыркүйекте Таразда кәмелетке толмағандар арасында жанжал болып, салдарынан біреуі өлімге әкелген пышақ жарақатын алғаны туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл ақпаратты Жамбыл облысы Полиция департаменті растады. Онда жасөспірімнің қаза болуына байланысты Қылмыстық кодекстің 99-бабы – "Адам өлтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалғаны хабарланды.

"Күдікті кәмелетке толмаған жасөспірім ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", – деп мәлімдеді Полиция департаменті өкілдері.

Реклама
Реклама

Әлеуметтік желідегі ақпаратқа сәйкес, қаза тапқан бала 14 жаста болған. Сондай-ақ төбелес мектептен тыс жерде болғаны атап өтілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама