ПОДЕЛИТЬСЯ
11 сәуір 2020 | 15:57
Таразда тұрғын үй кіреберісі қоршалып, карантинге жабылды
Таразда коронавирус анықталған көппәтерлі тұрғын үйдің кіреберісі карантинге жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Таразда коронавирус анықталған көппәтерлі тұрғын үйдің кіреберісі карантинге жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Таразда Аса шағын ауданындағы көппәтерлі тұрғын үйдің кіреберісі карантинге жабылды, онда 10 сәуірде 1975 жылғы коронавирус жұқтырған әйел анықталды. Қазір ол инфекциялық стационарда қажетті ем алып жатыр", - делінген хабарламада.
Эпидемиологиялық тергеу кезінде әйел Нұр-Сұлтаннан келген жақын туысымен байланыста болғаны анықталды. Үш жақын байланыста болған адам анықталып, карантинге жатқызылды.
Тұрғын үй кіреберісі мен әйелдің тұрғылықты жері бойынша дезинфекциялық өңдеу жүргізілді. Ондағы 31 пәтер тұрғыны 14 күнге оқшауланды, оларға енді үйден шығуға тыйым салынды. Жұмыс істейтін үш тұрғындарға еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама берілді. Олармен өзін-өзі оқшаулау қажеттілігі туралы түсіндіру әңгіме жүргізілді. Кіреберісті полиция қызметкерлері күзетеді.
Тараз әкімдігі тұрғындары қажетті азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етеді.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также