15 тамыз 2023 | 14:33

Таразда ҰҚК қызметкерімін деген тұрғын әйелді 16 миллион теңгеге алдап кеткен

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:polisia.kz

Тараз полицейлері жергілікті тұрғынға өзін ҰҚК қызметкерімін деп таныстырып, 16 миллион теңгені алаяқтықпен иемденген күдіктіні қолға түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Тараз полицейлері жергілікті тұрғынға өзін ҰҚК қызметкерімін деп таныстырып, 16 миллион теңгені алаяқтықпен иемденген күдіктіні қолға түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Тараз Полиция басқармасының Бірінші полиция бөліміне жергілікті тұрғын 2022 жылдан 2023 жылға дейін пәтерін жалға алған ер адам өзін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері ретінде таныстырып, алдау арқылы сеніміне кіріп, оның ақшасын пайыздық қарыз түрінде иемденгені туралы шағымданды.

Сонымен қатар, ол ұлын мемлекеттік қызметке орналастыруға және сот ісін жүргізуге көмектесуге уәде берген. Келтірілген шығын 15 936 930 теңге болған.

Реклама
Реклама

Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі ("Алаяқтық") бойынша соталды тергеу амалдары басталды. Полиция қызметкерлері облыс орталығының 26 жастағы жұмыссыз тұрғынын анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Істің егжей-тегжейлі мән-жайларын анықтау үшін барлық қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Аталған қылмысты жасағаны үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан он жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе осы құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная