ПОДЕЛИТЬСЯ
02 сәуір 2020 | 00:49
Таразда волонтерлер 4500 маска мен қолғап таратты
Жамбыл облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Серікбол Берікқожа өңірде волонтерлық штабтың құрылғанын жеткізді. "Әулиеата жастары" волонтерлік штабы Тараз қаласында өз жұмысын бастап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Жамбыл облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Серікбол Берікқожа өңірде волонтерлық штабтың құрылғанын жеткізді. "Әулиеата жастары" волонтерлік штабы Тараз қаласында өз жұмысын бастап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жұқпалы дерттің өршіп кетпеуі үшін облыс волонтерлері қоғамдық орындардың тазалығына жауапты қоғамдық қызметкерлер мен көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға 4500 маска мен қолғап таратыпты.
"Бұған дейін әр ұйым өз бетімен көпбалалы отбасылар мен қарттарға, түрлі әлеуметтік осал топқа жататын азаматтарға көмек көрсетіп келген еді. Енді барлығын жұмылдырып, арнайы штаб құрдық. Штаб құрамына 100 ерікті 5 бағыт бойынша жұмыстар атқарып жатыр. Қазіргі уақытқа дейін облыс волонтерлерінің қолғабыс етуімен әр түрлі салада 107 акция өтті. Акция аясында азық түлікпен 3000-ға жуық отбасыға көмек көрсетілді. Ертең "Қазпошта" қызметкерлерімен бірлесіп, зейнеткерлерге үйлеріне зейнетақысын апаруды жоспарлап отырмыз. Ерікті жастар азаматтарға қол ұшын беріп, жәрдем беруді негізгі мақсатымыз деп есептейді", - деді Серікбол Қайратұлы.
Волонтерлік штабта қоғамдық тәртіпті, азық-түлік және дәрі-дәрмектердің бағасына мониторинг жүргізуге бағытталған "Қоғамдық сақшы" жобасы, қала тұрғындары үшін медициналық бетперделер тігу және таратуға бағытталған "Көмек" жобасы бойынша жұмыстар атқарылып жатыр.
Сондай-ақ егде жастағы қарттарға үй жайын тазалауға, мүмкіндігі шектеулі жандарға жүріп-тұруына көмек көрсету, көпбалалы, аз қамтылған отбасыларды киім-кешектермен қамтамасыз ету, заңгерлік және психологиялық кеңестер беруге бағытталған "ІТ-Волонтер" жобасы, мұқтаждарға қажетті көмектерді үйге жеткізу, оның ішінде азық-түлік және дәрі-дәрмектерді тасымалдау ісімен айналысатын "Біз біргеміз" жобасы және облыстағы медициналық колледж студенттері мен медициналық білімі бар жастарды қалалық жедел жәрдем жұмысына бағытталған "Таза жүрек" жобасына тартылған.
Волонтерлік қызмет үшін қолайлы ортаны дамыту мақсатында фронт-кеңсе ашу жұмысы қолға алынды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также