Тараздағы мектеп оқушыларының жаппай төбелесі: полиция мән-жайды айтты

Тараздағы мектеп оқушыларының жаппай төбелесі: полиция мән-жайды айтты Бейнеден алынған кадр

Тараздағы жоғары сынып оқушыларының жаппай төбелесі видеоға түсіп қалды. Өңірлік полицияның баспасөз қызметі оқиғаның мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Тараздағы жоғары сынып оқушыларының жаппай төбелесі видеоға түсіп қалды. Өңірлік полицияның баспасөз қызметі оқиғаның мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Не болды?

"Мыңбұлақ" шағынауданындағы аулалардың бірінде болған төбелес кадрлары Қазнетте тарады. Жарияланымдардағы мәліметке сәйкес, оқиға жақында болған, алайда оқушылар арасындағы жанжал сәуірде басталған.

Жарнама
Жарнама

Жазбадағы мәлімет бойынша, төбелес әуелі екі түрлі мектептің тоғызыншы және 11-сынып оқушылары арасында болған. Бірнеше күннен кейін жағдай ушығып, басқа да жасөспірімдердің қатысуымен төбелеске ұласқан.

Видеода бір топ жасөспірімнің жоғары сынып оқушысына шабуыл жасаған сәті көрінеді. Төбелесті оқиға орнына полиция шақырған куәгерлер араласып тоқтатқаны атап өтіледі.

Полиция не дейді?

Жамбыл облыстық Полиция департаменті төбелеске қатысушылардың барлығы анықталғанын хабарлады. Оқиға 5 мамырда болған.

"102" арнасына жасөспірімге дене жарақатын салу дерегі бойынша қоңырау түсті. Полицейлер оқиғаға қатысушылардың барлығын анықтады. 15 жастағы жасөспірімдер ата-аналарымен бірге полиция бөліміне жеткізілді. Аталған дерек бойынша соталды тергеу амалдары басталды", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Полиция мектеп оқушыларының профилактикалық есепке алынғанын, ал олардың ата-аналары бала тәрбиесіндегі міндеттерін орындамағаны үшін жауапқа тартылғанын қосты.

"Оқиғаның барлық мән-жайы мен себептерін объективті түрде анықтауға бағытталған қажетті шаралар жүргізіліп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", – деп түйіндеді ПД-дегілер.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама