12 қаңтар 2022 | 21:58

Тараздағы ҰҚК подполковнигінің өлімі: оқиғаның мән-жайы айтылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: ҚР ҰҚК

Таразда ҰҚК подполковнигінің өліміне қатысты оқиғаның мән-жайы белгілі болды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Таразда ҰҚК подполковнигінің өліміне қатысты оқиғаның мән-жайы белгілі болды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ғимаратты қорғау кезінде жеке құрамның өмірі мен денсаулығына, күзетілетін нысан қауіпсіздігін, сондай-ақ атыс қаруы бөлімін басып алу қаупін ескере отырып, шабуылдаушыларға жауап ретінде оқ атылды", - деді ҰҚК баспасөз қызметі өкілі.

Сурет: ҚР ҰҚК

Реклама
Реклама

Шекара қызметі департаментінің арнайы жасақ тобымен бірлесе отырып, 3 қарулы шабуылға тойтарыс берілген.

"Жамбыл облысы ҰҚКД Терроризмге қарсы орталығының бөлім бастығы подполковник Дастан Әділбай оқ жарақатынан қаза тапты", - деді ведомство өкілі.

Сурет: ҚР ҰҚК/Дастан Әділбай. 

Жамбыл облысы бойынша құрылған ведомствоаралық жедел-тергеу тобының аясында 30 тұлғаға қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Еске салайық, 6 қаңтарға қараған түні Таразда 350-ге жуық адамнан тұратын топ ҰҚК-ның Жамбыл облысы бойынша департаментін басып алмақ болғаны хабарланған еді.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әскери және қызметтік борышын өтеу кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы, сондай-ақ мемлекет мүддесін қорғауда сіңірген еңбегі үшін Дастан Әділбайды ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапаттауды тапсырған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная