05 наурыз 2022 | 17:44

Тараздық жүкті әйел өзінің ер адам емес екенін дәлелдей алмай жүр

24.kz видеосының кадры

Тараздық жүкті әйел өзінің ер адам емес екенін дәлелдей алмай жүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" - ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Тараздық жүкті әйел өзінің ер адам емес екенін дәлелдей алмай жүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" - ке сілтеме жасап.

Жүкті әйелдің құжатында аты-жөні Нұрзат Талғатұлы Қалдыбаев деп көрсетілген, жынысы - еркек. Бұл мәселені шешу үшін Нұрзат ХҚКО, АХАЖ және перзентхана мұрағатына жүгінген, бірақ ешкім көмектесе алмаған.

"Құжатта жынысымның дұрыс жазылғанын қалаймын, оны өзгерту үшін біршама іс-әрекетке бардым, бірақ маған ешкім сенер емес. Біреулер мені трансгендер деп те ойлайды екен. Үш айдан кейін босанамын, ал құжатта күйеуім екеуміз де ер адамдар деп көрсетілгенбіз. Баланың болашағына қатты алаңдаймын", – дейді Нұрзат Қалдыбаева.

Реклама
Реклама

"Кейде құжатта қате кетеді. Мұның бәрін түзетуге болады және біз оны жасаймыз. Алайда осындай жағдаймен алғаш рет бетпе-бет келгендік, сондықтан да мән-жайды түсіну оңай болмады. Ең бастысы, бәрін заң аясында түзету керек", - деді Халыққа қызмет көрсету орталығының бөлім басшысы Шалқар Елемес. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная