11 мамыр 2020 | 22:39

Тараздық қыз-келіншектер 10 мыңға жуық маска тікті

Фото: egemen.kz

10 мыңға жуық маска тегін тіккен тараздық қыз-келіншектер марапатталды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

10 мыңға жуық маска тегін тіккен тараздық қыз-келіншектер марапатталды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Көпшілікті коронавирус инфекциясынан қорғау жұмысына тараздық қыз-келіншектер де өз үлесін қосқан болатын. Тараздық 30 қыз-келіншек медициналық маска тігуге тегін атсалысып, нәтижесінде 10 мыңға жуық бетперде тігілген. Олар тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында тегін таратылған еді.

Реклама
Реклама

Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев қаланың қоғамдық өміріне белсене араласып, төтенше жағдай кезінде тегін медициналық маска тігуге атсалысқан қыз-келіншектерге алғыс білдірді. Шаһар басшысының Алғыс хатын қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ұлана Сламбекова әрбір қыз-келіншектің үйіне барып, табыстады. Ал, тараздық нәзікжандылар қала әкіміне ризашылығын білдіре келіп, осындай қиын кезеңде көпшілікке қолдан келген көмегін беру әрбір азаматтың борышы екенін жеткізді.

Сонымен қатар, Тараз қаласы әкімдігінің бастамасымен және кәсіпкерлердің қолдауымен карантин кезінде көпшілікке азық-түлік таратылған еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная