08 қараша 2021 17:37

"Тараздың үстіне улы заттар шашылды". Әкімдік қауесетке жауап берді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Видеодан алынған кадр

Instagram әлеуметтік желінің қолданушылары Тараздың аспанында түсірілген ұшақтың ізін адамдарды "уландыратын" химикаттардың ауада тозаңдануының дәлелі деп мәлімдеген видеоны талқылап жатыр. Бұл ақпаратты Жамбыл облысының әкімдігі жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі StopFake.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жазба авторы тұрғындарды денсаулықтарын бақылауда ұстауға, сынама алып сараптамаға жіберуге, сондай-ақ көшеде респиратор киюге шақырады.

"Тергеу жұмыстарын жүргізіп, рейдтік әрекеттерді жасаған тұлғаларды және оларға осындай бұйрық беретіндерді анықтауды талап етемін. Біздің аспанға не шашып жатқанын анықтап, шаң мен суда улы заттар мен алюминийге сараптама жүргізуді, тергеу жүргізуді талап етемін", - деп жазба авторы прокуратура мен СЭС-ке жазуды ұсынады.

Реклама
Реклама

Жамбыл облысының әкімдігі химиялық заттарды ауаға шашу туралы ақпаратты жоққа шығарды.

"Жамбыл облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметі бойынша, Таразда дезинфекциялау немесе аспаннан қандай да бір заттарды шашу арқылы өңдеу жүргізіліп жатқан жоқ. Дезинфекциялық іс-шаралар арнайы мекемелермен рұқсат етілген препараттармен жер үсті автокөлігімен жүзеге асырылады", – деп хабарлады ведомстводан.

Демек, видеоға түсірілген аспандағы ақ із конденсациялық із болып табылады. Олар ұшақ суық және ылғалды ауа массаларынан өткен кезде пайда болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram