04 сәуір 2020 13:28

Таразға Үндістаннан қазақстандықтар ұшып келді

Таразда Үндістаннан келген 91 қазақстандық карантинге жатқызылды. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Таразда Үндістаннан келген 91 қазақстандық карантинге жатқызылды. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жұма күні сағат 22.30-да Әулие-Ата халықаралық әуежайына Дели-Тараз бағытындағы ұшақ қонды. Бортта 106 адам болған, оның ішінде 91 адам қазақстандық және 15 Қырғызстан азаматы. Барлық жұмылдырылған қызметтер алдын ала ескертіліп, жолаушыларды қабылдауға дайындалды.

Реклама
Реклама

"Екі адам дене қызуының жоғарылауына байланысты провизорлық стационарға орналастырылды. Барлық жолаушыдан талдау алынып, зертханаға жіберілді. Коронавирус анықталмаса, олар тұрғылықты жері бойынша 14 күн үй карантиніне жіберіледі", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, жолаушылардың барлық жеке заты, автобустар мен жедел жәрдем көлігі өңдеуден өтті. Ал Қырғызстан азаматтары арнайы автокөлікпен өз еліне кетті.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram