Тарифтердің көтерілуінен түскен пайда біреудің қалтасына кетпейді - Премьер-министр

Алғабек Хамитұлы Корреспондент
Тарифтердің көтерілуінен түскен пайда біреудің қалтасына кетпейді - Премьер-министр Фото Pixabay

Бүгін Үкімет отырысында "Тарифті инвестицияға айырбастау" бағдарламасын жүзеге асыру барысы талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бүгін Үкімет отырысында "Тарифті инвестицияға айырбастау" бағдарламасын жүзеге асыру барысы талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Үкімет басшысының айтуынша, станциялар, коммуналдық кәсіпорындар іс жүзінде 3 жылдан астам уақыт бойы табыссыз жұмыс істеп келеді. Сондықтан жөндеу жұмыстарына қаражат салынбаған. Қаражат салынса да ол қарыз алу арқылы немесе мемлекет есебінен жүзеге асырылған.

"Сондықтан, тарифтерді өсіру - қажеттілік. Ал "Тарифті инвестицияға айырбастау" қағидатын енгізетін болсақ, тарифті өсіруден түсетін пайда біреудің қалтасына кетпей, тікелей өндірісті жаңғыртуға жұмсалатынына сенімді боламыз. Жаңа тарифтік саясат ашықтық, есептілік және жариялылық принциптеріне негізделетін болады. Тиісті заңнамалық түзетулер, нормативтік құқықтық актілер қабылданды", - деді Әлихан Смайылов.

Жарнама
Жарнама

Еске сала кетейік, осыған дейін Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров өңірлерде биыл күзде коммуналдық төлемдердің орташа есепшоты 2-4 мың теңгеге өсетінін айтқан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама