“Тарихи әділдікті қалпына келтіруіміз керек“ - Тоқаев Бауыржан Момышұлына “Халық қаһарманы“ атағын берді

Дина Шарипханова Корреспондент
“Тарихи әділдікті қалпына келтіруіміз керек“ - Тоқаев Бауыржан Момышұлына “Халық қаһарманы“ атағын берді Фото:gov.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бауыржан Момышұлы ресми түрде "Халық қаһарманы" атағын берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бауыржан Момышұлы ресми түрде "Халық қаһарманы" атағын берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Президент Жамбыл облысының жұртшылығымен кездесуінде айтты.

"Кеше Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толды. Даңқты қолбасшының нағыз ерлік жолы елімізбен қатар, шетелдерде өте танымал.

Халқымыз оны қаһарман тұлға ретінде құрмет тұтады. Бірақ әйгілі батырға ресми түрде "Халық қаһарманы" атағы берілмеген. Облыс жұртшылығы, зиялы қауым өкілдері, тіпті, жастарымыз да осы мәселені көтеріп жүргенін білеміз. Тарихи әділдікті қалпына келтіруіміз керек.

Сондықтан мен Мемлекет басшысы ретінде Бауыржан Момышұлына "Халық қаһарманы" атағын беру туралы шешім қабылдадым. Тиісті Жарлыққа бүгін қол қойдым. Батырдың есімі нағыз отаншылдық пен өшпес ерліктің символы ретінде әрдайым көпке үлгі-өнеге болуға тиіс. Баукеңнің ерлігі жай аңыз емес, бұл – нақты құжаттармен дәлелденген, Ұлы Отан соғысына қатысқан батырлар мойындаған сөзсіз ерлік. Елге ерлігімен танылған, еңбегі сіңген азаматтарын бағалай білген жұрт ешқашан ұтылмайды", - деді Президент.

Реклама
Реклама

Еске салайық, 24 желтоқсан - Бауыржан Момышұлының туған күн.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама