31 мамыр 2021 | 17:45

"Тарихи жеңіс". Тоқаев қазақстандық боксшы қыздарды құттықтады

Фото: Берік Уәли/facebook.com

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бокстан Қазақстан әйелдер құрамасын Азия чемпионатындағы жеңісімен құттықтады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бокстан Қазақстан әйелдер құрамасын Азия чемпионатындағы жеңісімен құттықтады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Берік Уәлидің айтуынша, Мемлекет басшысы Дубайда өткен бокстан Азия чемпионатында жүлдегер атанған боксшы аруларымызды құттықтады.

"Құрлықтың ең мықты спортшылары жиналған байрақты бәйгеде Қазақстанның қыздар құрамасы ел мерейін асқақтатты. Олар қоржынымызға 10 жүлде, соның ішінде 8 алтын медаль салды. Осы тарихи жеңістеріңізді Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына жасалған тамаша тарту деп санаймын", - делінген құттықтауда.

Реклама
Реклама

Президент боксшы қыздарымыздың алдағы сайыстарда да биік тұғырдан көріне беретініне сенім артып, толағай табыс тіледі.

Еске салайық, бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы БАӘ-де өткен Азия чемпионатында үздік атанды. Қазақстандық спортшылар он орынның сегізінде бірінші орынды жеңді. Қалған екі алтын медальді Өзбекстан мен Үндістан спортшылары бөлісті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram