Тарихи-патриоттық фильмдерді көп түсіру қажет - Назарбаев

Нұрсұлтан Назарбаев. ©akorda.kz

?аза?стан Президенті Н?рс?лтан Назарбаев "?аза?фильмді" тарихи-патриотты? фильмдерді т?сіруге ?ндеді, - деп хабарлайды ресми сайтына сілтеме жасап. Алматыда Ш?кен Айманов атында?ы "?аза?фильм" А? басшысы Ермек Аманшаевпен кездескен Н?рс?лтан Назарбаев осы м?селені ерекше атап ?тті.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақфильмді" тарихи-патриоттық фильмдерді түсіруге үндеді, - деп хабарлайды ресми сайтына сілтеме жасап. Алматыда Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ басшысы Ермек Аманшаевпен кездескен Нұрсұлтан Назарбаев осы мәселені ерекше атап өтті.

Президенттің айтуынша, патриоттық фильмдер жас ұрпақты тәрбиелеуге оң әсер етпек. "Қазақстан Президенті Қазақ хандығының түрлі тарихи кезеңдеріне және сол заманның айтулы тұлғаларына арналған кинолар түсірудің өзектілігіне тоқталды", - делінген ресми хабарламада.  

Мемлекет басшысы жас қазақстандықтарды тәрбиелеуді көздейтін анимациялық фильмдерді түсіру керек деп санайды. Себебі халықтың мәдени дамуында киноиндустрияның орны зор. Ал осы саланы күшейту үшін мемлекет тарапынан барлық жағдайлар жасалған: киностудияда озық құрылғылар мен заманауи түсіру алаңдары бар.   

Реклама
Реклама

Аманшаевтың хабарлауынша, ағымдағы жылдың аяғына дейін "Қазақфильм" прокатқа сегіз фильмді шығаруды жоспарлап отыр. Ол туындылардың тақырыбы әр алуан. Өткен жылы қазақстандық фильмдер бір миллионнан астам көрерменді жинады.

Бұдан бөлек, Назарбаев Қазақстанның театр қызметкерлері одағының төрағасы Тұңғышбай Жаманқұловпен кездесіп, тарихи тақырыптарға арналған спектакльдерді көбейту қажеттігін жеткізді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news2
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама