28 наурыз 2022 | 10:32

Тәртіп бұзған такси жүргізушілері Алматыға кіреберісте "Сергек" көмегімен анықталады

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Алматыға кіреберісте рұқсат етілмеген жерлерге тоқтаған такси жүргізушілерін бақылау үшін бейнебақылау камералары орнатылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыға кіреберісте рұқсат етілмеген жерлерге тоқтаған такси жүргізушілерін бақылау үшін бейнебақылау камералары орнатылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы полициясының баспасөз қызметі өкілі әкімшілік полиция басқармасының деректеріне сүйеніп, қалаға кіреберістегі жол апаты себептерінің бірі жол жиегінде тоқтайтын, жолды тарылтатын азаматтар мен такси жүргізушілері екенін айтты.

"Сергек" камераларын тәжірибе ретінде қаладан шығатын басты көшелерге орнатуды ұсындық: Төле би даңғылы - Момышұлы көшесі, Райымбек даңғылы - Момышұлы көшесі, Райымбек даңғылы - Әшімов көшесі", - деді Алматы қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Нұрлан Аманбек.

Реклама
Реклама

Полицейлер жүргізушілерден жол қозғалысы ережелерін сақтауды сұрады.
 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram