“Тәртіп орнату қажет“ - Бектенов ІІМ басшысына курьерлерге қатысты тапсырма берді

“Тәртіп орнату қажет“ - Бектенов ІІМ басшысына курьерлерге қатысты тапсырма берді Фото:depositphotos.com + ЖИ

Премьер-министр Олжас Бектенов құқықбұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында көшедегі және цифрлық қауіпсіздік мәселелерін көтерді, деп хабарлайды Tengrinews.kz үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Премьер-министр Олжас Бектенов құқықбұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында көшедегі және цифрлық қауіпсіздік мәселелерін көтерді, деп хабарлайды Tengrinews.kz үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Талқылау барысында микромобильді көліктерге қатысты жағдай сөз болды. Үкімет басшысы электрвелосипедтер мен скутерлерді реттеу мәселесіне назар аударды.

"Біз самокаттар мәселесін шешіп жатырмыз. Ал электрвелосипедтер мен скутерлерге қатысты жағдай қалай?" - деп сұрады Олжас Бектенов.

Реклама
Реклама

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов электрвелосипедтер мопедтерге теңестірілетінін хабарлады.

"Бүгінде оларға мопедке қойылатын талаптар қолданылады. Бұл олардың жүруіне рұқсат етілген орындарға, сондай-ақ жүргізуші куәлігінің міндетті түрде болуына қатысты. Мәселе заңнамалық тұрғыдан толық реттелген", - деп түсіндірді ІІМ басшысы.

Премьер-министр азаматтар тарапынан айтылған сын-ескертпелерге ерекше тоқталды.

"Әсіресе тротуармен жүретін курьерлерге қатысты шағымдар түсіп жатыр. Тәртіп орнату қажет", - деді ол.

Отырыстың жеке блогы интернет-алаяқтыққа арналды. Олжас Бектенов іс-қимыл шараларын күшейту қажеттігін атап өтті.

"Киберқылмыскерлер қазіргі заманғы цифрлық технологияларды жедел қолданады. Интернет-алаяқтыққа қарсы тұрудың пәрменді шаралары қажет. ІІМ-не мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, алаяқтық транзакцияларды бұғаттау тетіктері, сондай-ақ жалған колл-орталықтарды анықтау бойынша мемлекеттік органдар мен банктер арасында мәлімет алмасу жөнінде қосымша ұсыныстар енгізуді тапсырамын. "Цифрлық полицей" жобасын енгізуді жеделдету, сондай-ақ киберволонтерлік тәжірибесін және кадрлар даярлауды кеңейту қажет".

Сондай-ақ қысқа мерзімде "Еуропа кеңесінің компьютерлік қылмыстар туралы конвенциясын ратификациялау туралы" заң жобасын келісу жұмыстарын аяқтау тапсырылды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама