27 қаңтар 2022 15:29

Тәртіпсіздіктерден кейін Павлодар облысы әкімдігіне келтірілген залал мөлшері белгілі болды

Дина Шарипханова Корреспондент

Павлодардағы жаппай тәртіпсіздікке қатысушылар Павлодар облысы әкімдігінің ғимаратына 2 миллион теңгеден аса шығын келтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодардағы жаппай тәртіпсіздікке қатысушылар Павлодар облысы әкімдігінің ғимаратына 2 миллион теңгеден аса шығын келтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы брифингте Павлодар облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рашад Өтеуов мәлімдеді.

Полицейдің айтуынша, жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру және облыс әкімдігінің ғимаратына шабуыл жасау дерегі бойынша 3 қылмыстық іске қатысты дереу соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілердің бірі қамауға алынған. Қылмыстық істің бәрі Павлодар облысы бойынша ҰҚКД қарауына берілген.

Реклама
Реклама

"Бүлікшілердің қылмыстық әрекеттерінен облыс әкімдігіне екі миллион теңгеден астам залал келтірілген. Тәртіпсіздікке қатысушылар, бейбіт тұрғындар мен тәртіп сақшылары арасында қаза болғандар жоқ. Өңірде дүкендерді тонау, қару-жарақ пен оқ-дәрілерді ұрлау, тонау, жою және шағын және орта бизнес субъектілеріне зиян келтіру деректері тіркелмеді", - деді Өтеуов.

Облыстық ПД баспасөз қызметі мәліметінше, әкімдікке шабуыл кезінде бүлікшілер ғимараттың кіреберіс есігін және облыстық әкімдіктің бірінші қабатында орналасқан кеңсе жиһаздарын зақымдаған. Полиция наразылық білдірушілерді тарату үшін дыбыс шығаратын гранаталарды қолданылғаны хабарланды.

Ресми мәлімет бойынша, рұқсат етілмеген митингіге қатысқаны үшін 435 адам әкімшілік жазаға тартылған, оның ішінде 324-і қамауға алынып, 18-іне айыппұл салынған. Сондай-ақ, 2022 жылғы 5-13 қаңтар аралығындағы төтенше жағдай режимі кезінде коменданттық сағатты бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-ның 476-бабы бойынша 813 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оның ішінде 206 адам қамауға алынған, 251 адамға айыппұл салынды. Тағы 682 адамға профилактикалық әңгімелесуден кейін үйлеріне қайтуға рұқсат берілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram