20 қаңтар 2022 | 17:30

Тәртіпсіздіктерден зардап шеккен қазақстандықтарға несиені төлеу мерзімі кейінге шегеріледі

Дина Шарипханова Корреспондент

Жаппай тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен жеке және заңды тұлғалар қарыздың барлық түрі бойынша төлем мерзімін кейінге қалдыра алады. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жаппай тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен жеке және заңды тұлғалар қарыздың барлық түрі бойынша төлем мерзімін кейінге қалдыра алады. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Александр Терентьевтің айтуынша, төтенше жағдайды енгізу нәтижесінде көп кәсіпкер мен қарапайым азамат коммерциялық қызмет пен жұмысты тоқтатуға мәжбүр болды, осыған байланысты олардың кірісі төмендеген. 

"Осыған байланысты агенттік Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша дереу банктермен, МҚҰ-мен жұмыс жүргізіп, барлық кредитор үшін несиелер мен микрокредиттің барлық түрі бойынша төлем мерзімін кейінге қалдырудың бірыңғай тәртібін қабылдады. Кейінге қалдыру барлық зардап шеккен заңды тұлғаға және Төтенше жағдай енгізілген күннен бастап үш ай бойы жеке тұлғаға несиелер мен микрокредиттер бойынша жеңілдік кезеңінде тұрақсыздық айыбын, өсімпұлды есептемейді", - деді Терентьев ОКҚ брифингінде.

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, несиелерді қайтарудағы кешіктірулер қарыз алушының несиелік тарихының нашарлауына негіз болмайды.

"Кейінге қалдыру мерзімін алу үшін қарыз алушы кез келген қолжетімді байланыс құралы арқылы немесе несие берушінің филиалына өзі бару арқылы кез келген нысанда өтініш жазуы керек", - деп қосты агенттік өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная