Ташкент метросындағы пранк: қазақстандық блогер полицияға жеткізілді

Дина Шарипханова Корреспондент
Ташкент метросындағы пранк: қазақстандық блогер полицияға жеткізілді видео кадры

Қоғамдық орында әдепсіз әрекеттер жасап, оны әлеуметтік желілерде таратқан қазақстандық блогерге қатысты тексеріс жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қоғамдық орында әдепсіз әрекеттер жасап, оны әлеуметтік желілерде таратқан қазақстандық блогерге қатысты тексеріс жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы Полиция департаменті мәліметінше, А. есімді блогер Өзбекстан метросында өз іс-әрекетін видеоға түсіріп, жолаушыларға әдейі тиіскен және сол жазбаны жеке парақшаларында жариялаған.

"Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін оған қатысты әкімшілік іс қозғалды. Іс шешім шығару үшін сотқа жіберілді. Ол бұған дейін де осындай әрекеттерге жол берген, сол кезде профилактикалық әңгіме жүргізілген болатын. Алайда ол қорытынды шығармағаны байқалады", - деді Алматы ПД өкілі.

Жарнама
Жарнама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама