21 қыркүйек 2020 | 09:11

Тасжол жөнделген соң Алматыдан Нұр-Сұлтанға қанша уақытта жетуге болады?

© pixabay.com

"ҚазАвтоЖол" ҰҚ АҚ өкілдері тасжолдағы жөндеу жұмыстары аяқталған соң жүргізушілер Алматыдан Нұр-Сұлтанға қанша уақытта жете алатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"ҚазАвтоЖол" ҰҚ АҚ өкілдері тасжолдағы жөндеу жұмыстары аяқталған соң жүргізушілер Алматыдан Нұр-Сұлтанға қанша уақытта жете алатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ҚазАвтоЖол" мәліметінше, қазіргі уақытта жолдың бірнеше учаскесінде құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. 

Реклама
Реклама

"Қазір барлық жерде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Жоспар бойынша Күрті - Бурылбайтал - Балқаш тасжолының бөлігін жөндеу жұмыстары 2022 жылы аяқталады. Бұл учаске осы кезеңде пайдалануға беріледі деген сөз. Осы кезеңде онда қозғалысқа кедергі келтірмейтін белгілер орнатылуы мүмкін", - деді "ҚазАвтоЖол" басқарма төрағасы Ұлан Әліпов.

Оның айтуынша, барлық құрылыс және жөндеу жұмысы аяқталғаннан кейін Алматыдан Нұр-Сұлтанға дейінгі жол айтарлықтай қысқарады.

"Қазақстанда сағатына 120 шақырым жылдамдық сақтау туралы шектеу бар. Ал Алматы мен Нұр-Сұлтан арасындағы жол шамамен 1200 шақырым. Демек максимал рұқсат етілген жылдамдықта 10 сағатта жетуге болады. Бірақ бұл жүргізуші жолда тоқтамай және жылдамдықты азайтпайтынын ескерген жағдайда", - дейді Әліпов.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная