ПОДЕЛИТЬСЯ
09 шілде 2019 | 13:19
Тасмағамбетов Алматы жайлы: Қала күн санап көркейіп келеді
Ресейдегі Қазақстан елшісі Иманғали Тасмағамбетов Алматыда Башқұртстанның халық ақыны Мұстай Каримнің атына көше беру рәсімінде қаланың күн санап көркейіп жатқанын атап өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алматы күн санап көркейіп келеді. Мен Алматы мен алматылықтарды шексіз сүйемін", - деді Ресейдегі Қазақстан елшісі Иманғали Тасмағамбетов.
Осыған дейін Иманғали Тасмағамбетов Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевпен бірге Башқұртстанның халық ақыны Мұстай Карим құрметіне көшенің ашылуы салтанатына қатысты. Қала басшысы жазушының бүкіл түркі әлемі үшін шығармашылығының маңыздылығын атап өтті.
Иманғали Тасмағамбетов 2004 жылдың желтоқсан айынан 2008 жылдың сәуір айына дейін Алматы әкімі қызметін атқарды. Содан кейін бірден Астана (қазір Нұр-Сұлтан) басшысы болды. 2017 жылғы 3 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Иманғали Тасмағамбетов Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті елшісі болып тағайындалды.
Показать комментарии
Читайте также