Тасмағамбетов Мәскеуде екі кездесу өткізді

© Tengrinews

?аза?станны? Ресейдегі елшісі шетелдік ?ріптестерін ?абылдады. 

Қазақстанның Ресейдегі елшісі шетелдік әріптестерін қабылдады. 

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Иманғали Тасмағамбетов 5 сәуірде Ресейдегі Босния және Герцеговина елшісі Мустафа Муезинович пен Экваториалды Гвинея елшісі Хосэ Эсоно Мичу Акенганы қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Мустафа Муезиновичпен кездесу кезінде екі жақты инвестициялық ықпалдастық мәселесі талқыланды. 

Реклама
Реклама

Иманғали Тасмағамбетов қонақты Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық модернизация барысымен және еуразиялық интеграцияның маңызды тұстары туралы баяндап берді. 

Хосэ Эсоно Мичу Акенгамен кездесу барысында елдердің екі жақты дипломатиялық қатынастарын дамыту талқыланды. Тасмағамбетов қонағын халықаралық "ЭКСПО-2017" көрмесіне шақырды. 

Иманғали Тасмағамбетов 2017 жылдың 3 ақпанында Қазақстанның Ресейдегі елшісі болып тағайындалды. Нұрсұлтан Назарбаев бұл тағайындау Тасмағамбетовтың өз сұранысымен болғандығын айтқан еді. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news2
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама