Тәуелсіздік жылдары Қазақстанға 1 миллионға жуық этникалық қазақ қоныс аударды

© lada.kz

1991 жылдан бастап 2016 жылды? бірінші жартыжылды?ына дейін елімізге шетелден шамамен 1 миллион?а жуы? этникалы? ?аза? ?оныс аударды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Атамекен" ?Р ?лтты? к?сіпкерлер палатасыны? бас?арма т?ра?асыны? орынбасары М?рат ?беновке сілтеме жасап. Б?л туралы ол Шынт?бе пікірталас клубыны? ал?аш?ы отырысында айтты.

1991 жылдан бастап 2016 жылдың бірінші жартыжылдығына дейін елімізге шетелден шамамен 1 миллионға жуық этникалық қазақ қоныс аударды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Әбеновке сілтеме жасап. Бұл туралы ол Шынтөбе пікірталас клубының алғашқы отырысында айтты.

1995 жыл "Қазақ диаспорасын қолдау бойынша мемлекеттік бағдарлама" әзірленді. Жаңа заңнама қазақстандық азаматтықты алуға жеңілдіктер жасады. 24 жыл ішінде этиникалық қазақтардың тарихи Отанына оралуына жағдайларды жақсарту бойынша нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізіліп отырды. Бүгін қазақ диаспорасының өкілдері әлемнің шамамен 40 елінде өмір сүріп жатыр.

"1991 жылдан бастап 2016 жылдың бірінші жартыжылдығына дейін елімізге шетелден шамамен 1 млиллионнан астам этникалық қазақтар келді, әлеуметтік мемлекеттік бағдарламалар қабылданды. Мөлшерлеп талдау жасадық: барлық келгендердің 75 пайызы ТМД елдерінің өкілдері және 25 пайызы басқа елдерден келгендер. Олар көбінесе Өзбекстан, Қытай және Моңғолиядан келгендер", - деді Мұрат Әбенов.

Реклама
Реклама

1991 жылдан бастап 2016 жылдың 1 қаңтар айына дейін тарихи Отанына 261 104 отбасы немесе 957 772 этникалық қазақ келді, бұл жалпы еліміздегі халықтың 5,5 пайызын құрайды. Қазақстардың 61,6 пайызы Өзбекстаннан келді, 14,2 пайызы - Қытайдан, 9,2 пайызы - Моңғолиядан, 6,8 пайызы - Түркменістаннан, 4,6 пайызы - Ресейден және 3,6 пайызы басқа елдерден келді.

Оралмандардың басым бөлігі Оңтүстік Қазақстанға қоныстанды - 21,2 пайыз, Алматы облысында - 16,3пайыз, Маңғыстау облысында - 13 пайыз, Жамбыл облысында - 9,4 пайыз және басқа аймақтарға - 40,1 пайыз. Этникалық қазақстардың ішіндегі еңбекке қабілеттілері 55,6 пайыз, 18 жасқа дейінгі балалар 39,9 пайыз және зейнеткерлер 4,5 пайызын құрайды. Еңбекке қабілетті этникалық қазақтардың ішінде 8,8 пайызы жоғары білімі, 20,6 пайызы - орта білімі, 60,8 пайызы - жалпы орта білімі бар және 9,8 пайыз - білімі жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылғы 24 қарашада Мелекет басшысы "Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заң жобасына қол қойған болатын (Дереккөз: ҚР премьер-министрінің сайты).

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news10
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама