Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған концерттер Жамбыл атындағы филармонияда өтеді

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған концерттер Жамбыл атындағы филармонияда өтеді © AlmatyLife

?аза?стан т?уелсіздігіні? 25 жылды?ына арнал?ан мерекелік концерттер Жамбыл атында?ы филармонияны? басты ж?не камералы? сахналарында ?теді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мерекелік концерттер Жамбыл атындағы филармонияның басты және камералық сахналарында өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

20 қазанда камералық зал сахнасында ҚР еңбек сіңірген қайраткері Нұркен Әшіров және халықаралық конкурс лауреаттары - Біржан Базылжанов, Мақпал Тоқтағанованың қатысуымен концерт өтеді. Бағдарлама бойынша дәстүрлі қазақ музыкасы ойналады. Келесі күні, 21 қазанда филармонияның басты сахнасында Тілендиев атындағы "Отырар сазы" фольклорлы-этнографиялық оркестрі өнер көрсетеді. Көкемдік жетекшісі Динара Тілендиева.

Скрипка әуенін ұнататындар үшін 21 қазанда камералық зал сахнасында Әмір Бейсенғалиев (скрипка) және Ерлан Мансұровтың (фортепиано) орындауында Иоганнес Брамс-Скерцо мен Эдвард Григтің шығармалары шырқалады.

Жарнама
Жарнама

Сонымен қатар, ҚР еңбек сіңірген әртісі Ғабит Несіпбаев және халықаралық конкурстар лауреаты Әділ Несіпбаев 23 қазан күні органикалық музыка концертін өткізеді. Концерт кезінде Бах отбасының шығармалары орындалады. Ал 26 қазанда классикалық музыка тыңдармандары Байқадамов атындағы мемлекеттік хор каппелласының концертін тамашалай алады.

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама