Тәуелсіздік жылдары қанша қазақстандық көшіп кеткені анықталды

© inbusiness.kz

Тәуелсіздік жылдары Қазақстаннан 4,2 миллион адам кетіп қалған. Бұл туралы Atameken Business телеарнасының "Точка зрения" бағдарламасында айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тәуелсіздік жылдары Қазақстаннан 4,2 миллион адам кетіп қалған. Бұл туралы Atameken Business телеарнасының "Точка зрения" бағдарламасында айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандықтардың көбі Еуропа елдеріне кеткен - 4,1 миллион адам. Оның 2,5 миллион Ресейге көшіп кеткен. Бір миллионнан аса адам Германияда тұрып жатыр. Украинада 225 мың қазақстандық болса, Беларусьте 70 мың, Грекияда 27 мың, Чехияда 8 мың және 7 мыңы Польшада.  

Азияға 75 мың қазақстандық кеткен. Оның көбі Түрікменстанға көшкен - 20 мың адам. Израиль, Өзбекстан мен Қырғызстанға 13 мың адамнан кеткен. Жеті мыңы Түркияда тұрып жатыр. 

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, 50 мың адам Солтүстік Америкаға кеткен. Оның 36 мыңы АҚШ-қа кетсе,  Канадаға 13 мың қазақстандық көшіп кеткен.  

Африкада тұратын қазақстандықтар да бар. Оның ішінде, ең үлкен диаспора Малиде - 2 мың адам. Тағы мыңға жуық қазақстандық Ливияда тұрып жатыр. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама