Тауларға Қазыбек би, Әйтеке би және Төле бидің есімі беріледі

Видеодан алынған кадр

Сайрам-Өгем ұлттық паркінің аумағындағы тауларға үш бидің есімі беріледі - Қазыбек би, Әйтеке би және Төле би, - деп хабарлайды Otyrar.kz.

Облыстық "Бұл біздің таулар" фестивалінің аясында тауларға үш бидің есімін беру жоспарланып отыр.

Бұл тапсырма Қазақстанның үш өңіріндегі альпинистерге сеніп тапсырылды. 

Реклама
Реклама

"Сіздер игі іс істеуді жоспарлап отырсыздар - тауларға біздің ұлы үш биіміздің Қазыбек би, Әйтеке би және Төле бидің есімдерін берейін деп жатырсыздар. Біз сіздерді Орбасы аумағынан шығарып саламыз. Ата-бабаларыңның рухы әрдайым сіздерді қолдап, жолдарыңыз жеңіл болсын", - деп батасын берді Қазыбек би мен Әйтеке бидің ұрпақтары.

Сондай-ақ, таудын басына Түркістан, Қарағанды және Ақтөбе облыстарының альпинистері шығатыны айтылады.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама