16 ақпан 2020 | 15:12

Таулы аймақтарға баруды кейінге шегеруді сұраймын - Сағынтаев

Сурет әлеуметтік желіден

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram желісіндегі парақшасында қала тұрғындарынан қардан тазармаған көшелерді айтып отыруды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram желісіндегі парақшасында қала тұрғындарынан қардан тазармаған көшелерді айтып отыруды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Құрметті алматылықтар! Жауған қалың қар өте сақ болуды талап етеді. Қар жамылғысының биіктігі қаланың жоғарғы бөлігінде - 15 сантиметр, таулы аймақта - 25 сантиметрден асты. Сілбі қар ағаштарды құлатқан. Құлаған кейбір ағаштың бұтақтары көлікке тиген. Таңертең қаланы аралап шықтым. Көшелерді, аялдамаларды қардан тазалау бойынша және тайғаққа қарсы барлық қажетті шаралар қолға алынған. Жол бойында 600 бірлік техника мен 1700 жұмысшы қызмет етіп жатыр", - деді Бақытжан Сағынтаев. 

Реклама
Реклама

Мегаполис басшысы қалалық ПД мен ТЖ басшылығына осы жағдайға байланысты тапсырма бергенін айтты. 

"Полиция департаментіне жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын күшейтуді, ТЖ департаменті мен коммуналдық қызметтерге апатты жағдайлардың салдарын жедел жоюды тапсырдым. Қар тазалауда қиындық тудырған көшелердегі жағдай туралы хабарлауды сұраймын. Құрметті алматылықтар! Үлкен және Кіші Алматы өзендері бассейндерінің тау баурайларында қар көшкіні жүруі қаупі бар. Сондықтан тауда өте сақ болуларыңызды, тіпті тауға баруды кейінге шегеруді сұраймын", - деді Алматы әкімі. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev.b) 15 Фев 2020 в 10:27 PST


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная