“Таза парақтан бастаймыз“ - Қаржы министрлігі салық реформасы туралы

Дина Шарипханова Корреспондент

Қазақстанда жаңа Салық кодексіне өту үшін микро және шағын бизнесті қорғауға бағытталған шаралар пакеті қабылданған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанда жаңа Салық кодексіне өту үшін микро және шағын бизнесті қорғауға бағытталған шаралар пакеті қабылданған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы бүгін үкіметте қаржы вице-министрі Ержан Біржанов айтты.

"Жаңа Салық кодексіне икемді өту үшін, микро және шағын бизнес зардап шекпес үшін оператив шаралар қабылданды. Олар бекітілді және осы аптада бұл өзгерістер туралы тағы бір рет жариялаймыз", - деді ол.

Реклама
Реклама

Вице-министр салық реформасы аясында күшіне енетін негізгі шешімдерді атады. Біріншіден, микро және шағын бизнес қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша тіркелмегені үшін әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.

"Бұл үлкен мәселе болды. Қазіргі уақытта салық төлеушілермен сот тәртібінде өтіп жатқан көптеген даулар бар", - деді Біржанов.

Екіншіден, жаңа жылдан бастап негізгі салық қарызын төлеу шартында айыппұлдар мен санкцияларды кешіру енгізіледі. Тағы бір принципиалды шешім — өткен салық кезеңдері бойынша тексерулерден бас тарту.

"Біз өткен кезеңдерге камеральдық бақылауды тоқтатамыз. Яғни, 2026 жылы 2023, 2024 және 2025 жылдарға камеральдық бақылау туралы хабарламалар шығарылмайды", - деп түсіндірді вице-министр.

Сонымен қатар, осы жылдарға салықтық тексерулер де жүргізілмейді.

"Яғни, біз таза парақтан бастаймыз", - деп қосты Ержан Біржанов.

Салық органдары микро және шағын бизнеске қатысты өткен кезеңдердегі мәмілелер бойынша сот істерінен бас тартады.

"Бұл жаңалықтар микро және шағын бизнесті қолдауға бағытталған", — деп қорытындылады қаржы вице-министрі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама