ПОДЕЛИТЬСЯ
18 желтоқсан 2019 | 16:58
Тегін акция - ҚР СІМ Бурдж-Халифадағы ел туы туралы
ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Бурдж-Халифа ғимаратының сыртқы қабатында ел туы ақылы түрде боялды деген ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Бурдж-Халифа ғимаратының сыртқы қабатында ел туы ақылы түрде боялды деген ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Кеше Бурдж-Халифа беткейінде Қазақстан туы нақты бір қаражат арқылы шықты деген мәліметтер айтылды. Негізінде бастаманы Дубай әмірліктері ұсынды. Бұл - тегін акция. Мұндай тәжірибе бұрындары да болды, Қазақстанға дейін Өзбекстан, Түрікменстан, Ресей, Беларусь және басқа да елдердің тулары көрсетілді. Сол күні сыртқы бетінде Бахрейннің де туы көрсетілді", - дейді Смадияров.
"Сыртқы істер министрлігі осы әрекетке қандай да бір қатысы бар (қаражат жұмсады) деушілердің барлығы да жалған. Мен осындай ақпаратты нақтыламай жатып, таратып жатқан блогерлер мен журналистерді ар-ұятты ұмытпауға шақырамын", - деді ол.
Айта кетейік, 16 желтоқсанда әлемдегі ең биік ғимарат - Дубайдағы Бурдж-Халифа ғимаратының сыртқы қабатында Қазақстан туы пайда болған еді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Embassy of Kazakhstan in UAE (@kazakhstan_in_uae) 16 Дек 2019 в 9:23 PST
Показать комментарии
Читайте также