ПОДЕЛИТЬСЯ
17 наурыз 2023 | 13:36
Тегін такси, қиыршық тас төсеу. Депутаттыққа кандидаттардың заң бұзу деректері айтылды
Орталық сайлау комиссиясы алаңында бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев сайлау заңнамасын бұзу деректері туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Орталық сайлау комиссиясы алаңында бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев сайлау заңнамасын бұзу деректері туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Өмірәлиевтің айтуынша, Мәжіліс сайлауына дайындық барысында 23 заңбұзушылық тіркелген. Деректердің басым бөлігі – 12 – тыйым салынған кезеңдегі үгіт-насихатқа байланысты. Деректердің жартысында заңсыз үгіт-насихат жұмыстарын Мәжіліс депутаттығына кандидаттардың өзі жүргізген. Олардың бәрі бір мандатты округтер бойынша тіркелген.
"Сот ӘҚБтК-нің 102-бабы бойынша айыппұл салып, сот актілері заңды күшіне енгеннен кейін тиісті округтік сайлау комиссиялары оларды тіркеудің күшін жойды. Бұл заңның талабы. Алматыда тағы бір үміткер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 122-бабы бойынша жауапқа тартылды. Ол сайлау науқанының шарттарын бұзған, азаматтарға тегін такси қызметін көрсеткен. Тәртіп бұзушы кінәсін мойындады, оның тіркеуі жойылды", - деді бас прокурордың орынбасары.
Жоғарыда айтылғандардан басқа прокурорлар үгіт материалдарын бұзу және бүлдіру, заңсыз қоғамдық сауалнама жүргізу, аноним үгіт материалдарын тарату сияқты заңбұзушылықтарды тіркеген. Олар мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық барысында осындай заңбұзушылықтарды анықтады.
"Алматыда ПИК төрағасы қалалық мәслихат депутаттығына кандидатқа үгіт материалдарын қызмет көрсетілетін үйлердің кіреберісіне қоюға рұқсат беріп, екіншісіне тыйым салған. Осы арқылы ол кандидаттың үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуіне кедергі келтірген, ол жазаланды", - деп мысал келтіреді Өмірәлиев.
Оның айтуынша, Түркістан облысында қалалық мәслихат депутаттығына кандидат сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу шарттарын бұзған. Құм-қиыршық тас төсеу бойынша тегін қызмет көрсеткен. Сот оған ӘҚБтК-нің 122-бабының 2-бөлігі бойынша айыппұл салды.
Сөз соңында Бас прокурордың орынбасары сайлаудың заңдылығын қадағалау жалғасып жатқанына сендірді.
Еске салайық, ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2023 жылдың 19 наурызында өтеді. Мәжіліс сайлауымен бірге барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также