ПОДЕЛИТЬСЯ
10 қыркүйек 2022 | 15:36
"Техника мен су аз". Орман шаруашылығының өртсөндірушісі өртенген үйін көргенде көзіне жас алды
Қостанай облысы Озерное ауылының өртсөндірушісі өртті қандай жағдайда сөндіргенін айтты. Құтқарушы ауыл тұрғындарына көмектесіп жатқанда, техника мен судың жоқтығынан өз үйі толығымен өртеніп кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қостанай облысы Озерное ауылының өртсөндірушісі өртті қандай жағдайда сөндіргенін айтты. Құтқарушы ауыл тұрғындарына көмектесіп жатқанда, техника мен судың жоқтығынан өз үйі толығымен өртеніп кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Андрей Поддубицкий Қостанай облысы Озерное ауылында тұрады. Ер адам орман шаруашылығында өртсөндіруші болып жұмыс істейді, әйелі күзетші. Өрт олардың ауылындағы алты үйді, соның ішінде олардың үйін де шарпыды. Ер адамның айтуынша, егер техника болса, үйді сақтап қалуға болар еді.
"Қатты жел соғып тұрса да, ыстық болды. Техника өте аз, бізде негізінен техника да, су да жетіспейтін. Өртті Аманға, Новонеженск орман шаруашылығына кетпес үшін ауыздықтауға тырыстық. Осы жерден үйді де сақтап қалуға болар еді, бірақ бұл жерде бірде-бір көлік жоқ. Барлығы ана жерде тұрды, мен тек осында кірдім ... " - дегенде ер адамның үндемей бұрылып, көз жасын сүртті.
Өртсөндіруші өз үйін сөндіре алмаса да, ол баллондар жарыла бастағанға дейін көршілеріне көмектесті.
"Қатты жел соғып, шу шығып, бәрі жарыла бастады, ыстық болды, сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес, оны көру керек. Үлкен қауіп төніп тұрды. Өрт жан-жаққа тарады. Ешкім қорықпады, бәрі отпен арпалысты. Біз толық жөндеуді енді ғана аяқтап едік, бәрі өртеніп кетті, менің және анамның пәтері, мал өртенді. Қиын", - дейді өрт сөндіруші Андрей Поддубицкий.
Басаман орман шаруашылығы аумағындағы түтінді алғаш байқағандардың бірі - Андрейдің әйелі Елена. Бұл күні ол қазір өртеніп кеткен қала маңындағы балалар лагерінің аумағында орналасқан мұнарада кезекшілікте болды.
"Біз орталық кеңсемізге хабарладық, мәліметтерді жібердік және барлығы қалай басталғанын көрдік, телефон соғып, әлеуметтік желілерде жағдайдың бақылаудан шығып жатқанын хабарладық, кейін түтіннің қаншалықты және қай жерде екенін жеткіздік. Кезекшілігімді серіктесіме тапсырып жатқанда, өрт ол біздің орман шаруашылығына, Новонежен орманшылығымен шекараға жақындап қалған еді.
Келесі күні мен ауысымды қабылдағанда, мені мұнарадан түсте эвакуациялады. Үйден құжаттар мен күйеуімнің жұмысқа киетін киімін ғана алып үлгердім. Бүкіл өміріңіз көз алдыңызда өртеніп бара жатқаны қорқынышты", - деп еске алады Елена Бабушкина.
Ерлі-зайыпты оларға көмек көрсетілетініне қуанышты. Бірақ олар зардап шеккендерге үй құрылысы басталған Әулиекөлде емес, өздерінің Озерное ауылында тұрғысы келеді. Бұған дейін билік өрттен зардап шеккендерге мүлікті немесе өртенген мүлік үшін өтемақы алу таңдауы болатынын хабарлаған болатын.
Бұған дейін премьер-министр Әлихан Смайылов Қостанай және басқа облыстардағы табиғи өрттердің салдарын жою, сондай-ақ, Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері мен қызметтерін материалдық-техникалық жарақтандыру мәселелері жөніндегі кеңес өткізген болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также