Тек жеке қабылдау арқылы. Қазақстанның Ресейдегі елшілігі мәлімдеме жасады

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Қазақстанның Ресейдегі елшілігі бұдан былай азаматтықтан шығу туралы құжаттарды пошта арқылы қабылдамайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанның Ресейдегі елшілігі бұдан былай азаматтықтан шығу туралы құжаттарды пошта арқылы қабылдамайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанның Ресей Федерациясындағы елшілігі 2025 жылғы 1 наурыздан бастап азаматтықтан шығу бойынша құжаттарды пошта арқылы қабылдауды тоқтататынын мәлімдеді. Дипломатиялық өкілдіктің мәліметінше, бұл уақытша шара коронавирус пандемиясы кезінде енгізілген, алайда енді құжаттарды тапсыру үшін тек жеке қабылдау қарастырылған.

"Құжаттарды қабылдау тек жеке жүгіну арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар, жазылу үшін орындар саны көбейтіледі", – делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Қазақстан елшілігінің консулдық бөліміне қабылдауға жазылу үшін мына сілтеме ұсынылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама